«Біздің таңдау»: Әбіловтің таңдауы - партия құру
Белгілі саясаткер һәм кәсіпкер Болат Әбілов «Біздің таңдау» (Bizdin Tandau) дейтұғын саяси партия құрғанын мәлімдеді.
«Біз елде ешқандай саяси, экономикалық һәм әлеуметтік өзгерістердің байқалмағанын мәлімдейміз. Сондықтан, біз бүгін саяси партия құратынымызды мәлімдейміз. Бұл біздің таңдауымыз. Демократияға таңдауымыз. Еркіндікке таңдауымыз. Әділетке таңдауымыз», - депті Болат Әбілов бүгін.
Болат Әбілов бастаған топ құратын партияның көздеген бір міндеті - президенттік басқару жүйесінен парламенттік басқару жүйесіне ауысу екен.
«Біздің пікірімізше, елде супер-президенттік Конституция бар және қолданыста. Сондықтан біздің бір мақсатымыз – Конституцияны өзгерту. Сол арқылы президенттік басқару жүйесінен парламенттік басқару жүйесіне ауысу», - дейді Әбілов.
Abai.kz