Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Билік 3403 2 пікір 31 Мамыр, 2022 сағат 18:28

Мемлекеттің ең басты байлығы – азаматтары

«Қаңтар қасіреті» ұғымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аузымен айтылды. Бұл қасіреттің болуына билікке қол жеткізуге мүдделі топтар кінәлі. Екінші жағынан олигархтардың кесірінен нашарлаған халықтың әлеуметтік жағдайы да себеп болды. Әуелі бейбіт экономикалық талаптармен басталған ереуілді арандатушылар, экстремистер қасіретке айналдырып жіберді. Ұйымдастырушылар анықтала жатар, дегенмен арандатушылар мен экстремистерге тойтарыс беруге жарамаған құзырлы органдардың да айыбы бар.

Қақтығыс кезінде жазықсыз адамдар шәһит болды, мұны мойындауымыз керек. Төңкеріске себепші болып, ел ішін ойран қылған ықпалды топтардың әрекетінен жазықсыз адамдар, полиция қызметкерлері, бейбіт шеруге қатысқандар қаза тапты. Мемлекетті құлату мақсатында жасалған төңкеріс болмағанда жазықсыз құрбан болған жандар осы күні ортамызда аман-есен жүрер еді.  Өмірі қиылғандардың арасында қолына қару алмаған, ойында жаманшылық болмаған, тек арандап қалғандары жетерлік.

Енді осының бәрін ескере отырып, билік пен халық бір-бірімен санасу керегін түсінеміз. Мемлекеттің ең басты байлығы – азаматтары, оны бағалауы тиіс. Бұдан сабақ алу үшін алдағы уақытта бір де бір шешім келісімсіз қабылданбау қажет.

Хангелді Әбжан

Abai.kz

 

 

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963