Сенбі, 21 Қыркүйек 2024
46 - сөз 2993 4 пікір 13 Маусым, 2022 сағат 12:36

Жаңа Қазақстан - жартыкеш стратегия!

Жаңа Қазақстан - жартыкеш стратегия!
Елге Ресейдің санкциядан қашқан орыстары көптеп келуі үшін шекарадан жаңадан он бекет ашып тастапты. Осының "арқасында" Ресейден Қазақстанға келушілердің саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда екі есе артады деген болжам бар. Жаңа шекара бекеттері төмендегі облыстарда ашылған.
1. Қараша тау (Ақтөбе облысы);
2-3. Қоңдыбай мен Ақбалық (Қостанай облысы);
4. Қызылжар (СҚО);
5. Найза (Павлодар обл);
6-7-8. Жезкент, Байтанат, Қоянбай (ШҚО);
9-10. Орда, Шаған (БҚО).
Билік ортаға мектепте орамал кию мәселесін тастап жіберді де, мына жақта осындай тірлік жасап жатыр екен! Бірақ бұл сұмдық шаруа туралы ресми БАҚ жұмған аузын ашқан жоқ. Геосаяси жағдай осы қалпында бір жылда өзгермесе, Ресейден Қазақстанға қоныс аударушылардың саны миллион адамнан асып кетуі бек мүмкін.

Тоқтар Жақаш

Abai.kz

4 пікір