Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 3063 4 пікір 22 Шілде, 2022 сағат 13:15

Ресей империяны тірілту үшін соғысуда

Украина ресейлік империялық жоба табысының маңызды бөлігі және солай болып қала бермек. Мұны І Петр де, ІІ Екатерина да, басқа орыс патшалары да жақсы түсінген. Ленин де мұны өте жақсы білді, ол Украинаны большевиктердің империялық жобасына қосуға барын салды.

Лениннің ойы украиндықтардың көмегінсіз іске асуы мүмкін емес еді. КСРО билеушілерінің арасында көптеген этникалық украиндар болған. Олар шын мәнінде большевиктер империясындағы әкімшілік элитаның, техникалық және шығармашылық интеллигенцияның елеулі бөлігін құрады.

Бүгінде Ресей империялық жобасын жандандыру үшін соғыс бастады. 1918 жылғы Ленин сияқты Путин де Украинасыз империя құрылмайтынын жақсы түсінеді. Егер Путин Украинаны басып алып, Ресейге қоспаса, оның КСРО-ны қайта тірілту туралы арманы жүзеге аспай қалады. Беларуське жасағандай аннексия нәтиже бермеді, Ресей украиндарды бағындырып, күшпен басып-жаншу үшін барлық әрекетті жасайды.

Украина болса империялық жобаға қайта оралғысы келмейді. Украина Еуропаға оралу үшін, тәуелсіздігі үшін империя мен диктатураға қарсы соғысып жатыр. Украина диктатураның не екенін жақсы біледі. Польшаға, Балтық жағалауындағы елдерге, Грузияға, Молдова мен Финляндияға қандай қауіп төніп тұрғанын түсініп отыр. Украинаның Ресеймен соғысы – азаттық соғысы, Украина өзі үшін ғана соғысып жатқан жоқ, орыс езгісінен әрең құтылып, ол жаққа қайта оралғысы келмейтіндердің барлығы үшін шайқасып жатыр деп айтуға болады.

Украинасыз Путиннің империялық жобасы іске аспайды. Украинаның бұл соғыста жеңуі немесе жеңілуі оның тағдырына ғана емес, халықаралық қауіпсіздік жүйесі ыдырағаннан кейінгі әлемдік тәртіптің қалай болатынына, соғыстан кейінгі әлемде қандай қауіп-қатерлердің болатынына әсер етпек.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371