Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5207 1 пікір 1 Қазан, 2022 сағат 13:22

Ресей тойлап жатқанда, орыстар қоршауда қалды

Ресей Украинаның төрт аймағын заңсыз аннексиялау үшін ашкөздене жанталасып жатқан кезде, Украина әскерилері Донецктегі Лиманның айналасындағы ресей әскери күштерін түгелімен қоршап алды делінуде.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, украинадардың бұл талпынысы олардың Луганск пен Донецктегі ірі аумақты басып алуына жол ашады.

Донецктегі ресейлік қуыршақ сепаратистердің басшысы жағдайдың қиындығын мойындады, оның айтуынша орыс күштері Лиман қаласының солтүстігі мен шығысындағы Ямпиль және Добрышев ауылдарын бақылай алмай қалған.

Ал, Украина әскерінің өкілі Сергей Череватыйдың айтуыша: "Жаудың оқ-дәрі және адам тасымалы жолдары Украина армиясының бақылауында."
Лиман - екі тарап үшін де стратегиялық маңызы бар шағын қала. Ол Ресей әскерлеріне Славянск пен Краматорскіге дейін енуге мүмкіндік берді. Лиманды бақылау Славянск пен Северск арасындағы тас жолды кесіп тастауға мүмкіндік берді.

Украина армиясы үшін Лиман Сватов бағытында ілгерілеуге және Оскол өзені бойындағы орыс күштерін оқшаулап тастауға мүмкіндік береді.
Айтпақшы, Зеленский Украинаның НАТО альянсына қосылуға ресми өтінішін тапсырғанын мәлімдеді.

Ал, орыстар Запорожьены өзіне қосып алып жатқан тұста, Запорожьедегі тұрғындар мінген көліктерді жарып жіберіп, таңертең ондаған адам қаза тапты.

Хайдар Алпы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322