Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3079 5 пікір 7 Қазан, 2022 сағат 13:44

Халқыма жаман атақ еш уақытта алып бермеймін...

Алматыдағы айуандар менен безді. Менің басыма түскен кішкене бұлттың көлеңкесі оларды шошытты. Они предпочли молчание - обещанию...
Мен Сібірге өз еркіммен кеткенім жоқ, мені жер аударып жіберді.
Мені қажытқан табиғаттың аязы емес, өмірдің аяздары болды...

Академияда шығыс халқынан жалғыз мен оқыдым. Бітіргеннен кейін маған шығыстың бес одақтық республикасынан орын табылмады, тимеді. Мені Азияға жолатпады. Шығыстан менен кейін он бес-жиырма жылдың ішінде мен оқыған академияға еш адам түсе қоймады. Ол ашулы, зарлы шындық.
Біздің халық соғысқа ерлікпен қатысты, бірақ , оның құны өте қымбат. Осы күні ауыл толған жесірлер мен жетімдер. Соғысқа барған жүз қазақтың жетпіс-сексені қайтқан жоқ, себебі маған айқын - әскери тәжірибе, әскери тәрбиенің дағдылану нашарлығы... Мен соларды майданда көрдім , талдап тексердім, өксіп жыладым, зарландым, қорландым.

Мен қалған өмірімді , алған тәжірибемді, білген білімімді жастарға, халқыма арнағым келіп еді. Барымды елге берсем деп едім. Егер де болашақта бір әйел жесір, бір бала жетім қалмауына менің еңбегім себеп болса, армансызбын деген ниет еді.

Қысқасы, мені, менің ойымды, ниетімді тупость и невежество қапасқа салып, бенде етті. Мені теріс түсінді, ұқпады. Өгіз мойындық істеді. Осындағы майдалар мені сүзбелеп шетке шығара берді. Жақындарына жылы орын үшін мені аямады. Кішіртті, қудалады. Жабылып әлі жеткені мен болдым...
Кек сақтап айтып отырғаным жоқ. Әр өнер, әр білім, әр ниет сал болуды тілемейді, құл болуды тілейді. Мен тұла бойыммен халқымның құлымын. Қайда жүрсем де елімнің қызметкерімін.

Халқыма жаман атақ еш уақытта алып бергім келмейді, алып бермеймін...

 Бауыржан Момышұлы
(“Айтылмаған ақиқат" кітабынан)

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406