Сенбі, 23 Қараша 2024
2098 5 пікір 8 Қараша, 2022 сағат 15:15

Тоқаев: "Ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет"

Ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет екенін айтты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде.

««Ел боламын десең, бесігіңді түзе» өскелең ұрпақтың денсаулығын ойламасақ, ертең кеш болып қалуы мүмкін. Осы мақсатта спорт инфрақұрылымын дамытып, оны барынша қолжетімді ету – маңызды міндеттің бірі», - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, өңірдегі көптеген спорт нысанына жөндеу жүргізу қажет.
«Сонымен бірге, республикалық және халықаралық жарыстар өткізетін жаңа спорт кешендерін салу керек. Жалпы, көп шығынды талап етпейтін спорт түрлерін дамытқан жөн. Мысалы, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақша күрес, тағы басқа. Бұл қадам, ең алдымен, балаларымызды теріс әдеттен алыстатады және спорт залдарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Әкімдікке осы шаруаларды пысықтауды тапсырамын. Тағы бір айтайын дегенім, ескерткіштер қоя бергеннен гөрі, спорт және медицина нысандарын салуға баса назар аудару қажет. Бұл Атырау облысына ғана емес, бүкіл елімізге қатысты мәселе», - деп баса айтты Тоқаев.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383