Сенбі, 23 Қараша 2024
1236 5 пікір 15 Қараша, 2022 сағат 12:15

Бақытгүл Хаменова 7 жылға сотталды.

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлімінің 2-тармағымен (Ірі көлемде пара алу) кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сонымен қатар Бақытгүл Хаменова «Құрмет» орденінен айырылды.

Атыраудағы №2 қалалық сотта Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызда басталған болатын. Сот отырысында Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Қазанның 31 күні өткен сот отырысында прокуратура өкілі Бақытгүл Хаменованы 7 жылға бас бостандығынан, «Құрмет» орденінен айыруды сұрады.

Бүгінгі сот отырысында соңғы сөзін айтқан Бақытгүл Хаменова: «Менің бұл қылмыстық оқиғаға қатысым болған жоқ. Осы іс бойынша заңға сәйкес ақтау үкімі шығарылуы мүмкін», -деді.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489