Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1358 0 пікір 8 Желтоқсан, 2022 сағат 11:35

«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да апат болды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде апат болып, бір адам қаза тапты.

«8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер көз жұмды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталуда», - делінген компания хабарламасында.

Еске салайық, 28 қарашада «АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды. 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапқан. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

 

Abai.kz

0 пікір