Әйелдер 61 жаста зейнетке шығады
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «жастар» ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайту жөнінде түзету енгізілді.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру үшін заң жобасы аясында әлеуметтік блокты шешетін мынадай түзетулер енгізілді:
1) бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төлеу;
2) ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізу.
3) әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп бекіту;
4) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту.
Abai.kz