Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
1862 0 пікір 13 Желтоқсан, 2022 сағат 13:05

Вайнерлердің ісі сотқа жолданды

Алматы прокуратурасы Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру және басқару туралы істі сотқа жолдады.

«Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша қылмыстық істі Алмат қаласының Алмалы аудандық сотына А. Құрманғалиев, Р. Бурканов, Д. Рахимова, Д. Ча, А. Рүстемов, Т. Касенов, С. Касенов, Н. Сұлтанбаев, М. Шерниязов, М. Туребаев, Б. Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады. Іс фигуранттары А. Ораз бен А. Саидбаев халықаралық іздестіруге жарияланды. Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банктік шотқа және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынды”,-деп жазды қала прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 20 сәуірде Қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша қамауға алынды. 10 ақпанда "Қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және басқару" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың қамауда отыру мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Кейінгі рет 21 қарашада тағы бір айға, 19 желтоқсанға дейін қамауда ұсталатыны хабарланған болатын.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1584
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3199
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1183
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1097