Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
2068 2 пікір 14 Желтоқсан, 2022 сағат 15:06

Ресейліктер жаппай Армения азаматтығын алуда

Ресей Қарулы Күштері Украинаға басып кірген сәттен бастап, 17 498 Ресей азаматы Армения азаматтығын алуға өтініш берген.

Бұл туралы "Грапарак" газеті полицияның төлқұжат және виза департаментінің мәліметтеріне сілтеме жасап жазды. "Қабылданған өтініштердің саны туралы нақты ақпарат беру мүмкін емес, өйткені олардың кейбірі қаралуда", - дейді полиция өкілі.

Төлқұжат және виза бөлімі соңғы екі жылда 155 Түркия азаматының Армения азаматтығын алуға өтініш бергенін, олардың көпшілігі армяндар екенін хабарлады.

Abai.kz

2 пікір