Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
1862 0 пікір 16 Желтоқсан, 2022 сағат 12:16

Қырғызстанда барлық мектеп карантинге жабылды

Қырғызстанда ОРВИ вирусының көбеюі себебінен барлық мектеп 24 желтоқсанға дейін карантинге жабылды. Бұл жөнінде елдің білім және ғылым министрінің орынбасары Надира Жусупбекова Жогорку Кеңештің отырысында хабарлады. 

Оқушылардың сабағы онлайн режимге ауысқан.

Орви вирусы әсіресе Бішкек, Шу және Талас облыстарында өршіп тұр. Онда 17-30% балалар ауырып мектепке бармай қалған.

15 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша, Қырғызстанда 509 мектеп және 168 балабақша карантинге жабылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 желтоқсандағы жағдай бойынша ОРВИ жұқтырған 9 мың 809 адам тіркелген. Олардың 70%- балалар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1402
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2982
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1048
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 981