Абақтыларға бейнебақылау орнатылады
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде үздіксіз бейнебақылау жүйесін енгізуді 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Роман Теленков айтты.
Роман Теленков биыл еліміздегі 78 мекеменің 62-сі үздіксіз бейнебақылаумен қамтылатынын айтты. "Бүгінде 28 мыңнан астам бейнекамера орнатылды. Бұл оларда "соқыр нүктелердің" болуын толығымен жояды. Қалған 16 мекемеде бейнебақылау жүйесін енгізу 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр", - деді ол.
Abai.kz