Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
2116 7 пікір 21 Желтоқсан, 2022 сағат 13:22

Амангелді Айталы өмірден өтті

Белгілі қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы 83 жасында өмірден озды.

Ол 1939 жылы Астрахан облысы Володар ауданы Болдырево ауылында дүние келген. Ал жоғары оқу орнын Ақтөбеде оқыған. 1964-1967 жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында білім алды.

Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Амангелді Айталы ұзақ жылдар бойы білім және ғылым саласында қызмет етті.

1999-2004 жылдар аралығында екінші шақырылымдағы және 2004-2007 жылдардағы үшінші шақырылымдағы Парламент депутаты болды.

 

Abai.kz

7 пікір