Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3820 23 пікір 24 Желтоқсан, 2022 сағат 15:35

Ресейлік саясатшы: Қазақстанмен соғысамыз...

Орыс теле эфирі соңғы жылдары Қазақстанға қабақ шытуды, ашық провокациялық мәлімдемелер жасауды, Қазақстанның тәуелсіздігіне шек елтіріп, елі мен жеріне көз алартуды жиілетті. Бұрындары Жириновский, Лимонов секілділердің аузы көбіктеніп, соғыс шақырып сөйлеген сөздерін жылына бір-екі рет естіп тұрушы едік. Қазір айына, тіпті, аптасына Қазақстанға қарата неше түрлі сөздер айтылуда.

Ресей президенті Владимир Путиннің «тәпсіршісі» Дмитрий Песков: «Бұл Кремльдің позициясы емес, ал саясаткерлердің аузына біз қақпақ бола алмаймыз», - деп құтылатынды шығарды.

Әне, күні кеше ғана Ресейдің мемлекеттік телеарнасынан Евгений Сатановский деген саясатшы тағы сөйледі. Сөйлегенде де: «Қазақстанмен соғысамыз. Қақтығыс сөзсіз болады», - деді.

Сөзбе-сөз: «Қазақстандағы АҚШ-тың биозертханалары жайлы біз ұмытып кете береміз. Алғашқыда, күліп едік. Сенбеп едік. АҚШ Қазақстанда биозертхана ашуы мүмкін емес дедік. Сөйтсек, Украинадағы секілді, Қазақстанда да 2 әскери биозертхана бар екен. Ол АҚШ-тікі. Сондықтан, сөзсіз, тікелей қақтығыс болады. Ал қақтығыстың қашан болатынын біз шешпейміз», - дейді.

Бұл дегеніңіз, қарапайым сөзбен айтсақ, «Украинадан соң, Қазақстанның мәселесіне кірісеміз. Керек болса, соғысамыз», - деген сөз! «Қақтығыс сөзсіз болады», дегеніңіз басқа емес, нақ осы сөз!

Ал бұл айтылғандарға қатысты біздің Сыртқы істер министрлігі жауап берді ме? Қандай да бір әрекет жасады ма? Ресейдің Қазақстандағы елшісін шақыртты ма? Естіген жоқпыз. Әдеттегідей, естісе де, естімегендей болып отыр. Мейлі, кім айтса да, Ресей жақтан айтылған мұндай сөздерге келгенде министр Мұхтар Тілеуберді «тілін жұтып» қойғандай, үн шығармайды. Ал Кремль мұндай пікірлерді ашық айтқызады. Ол орыстың сөзін сөйлегендерді қудаламайды.

Басқасын қойғанда, Сатановскийдің кешегі сөздері ашық соғысқа шақыру! «Соғыс болады», - дейді. Қазақстанға қауіп төндіретін сөздерді айтып жатыр. Үкімет те, Парламент те, Ақорда да әзірге үнсіз.

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404