Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2593 1 пікір 10 Қаңтар, 2023 сағат 15:09

2022 жылы коронавирустан 1006 адам қаза болды

Министрлік былтыр коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың тізіміне өзгеріс енгізді. Оған тағы да 184 жағдай қосылды.

«2022 жылы 1006 адам қаза болды, оның 820-ы коронавирус инфекциясынан, 186-ы коронавирус пневмониясынан», - дейді министрлік.

Айта кетейік, сейсенбі күні таңертең Денсаулық сақтау министрлігінің күнделікті қорытындысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 13 695 адам екені айтылды, бірақ кейінірек ведомство деректерді түзетіп, қайтыс болғандар саны 13 842 адам деп көрсетті.

Сондай-ақ, пневмониядан қаза болғандар саны да 5 365-тен 5 405-ке артты.

Ведомство өлім-жітім статистикасын жаңарту жыл қорытындысына орай жасалып отырғанын айтты. Бұл сенімді статистикалық деректерді қалыптастыру үшін қажет.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1021
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2565
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 713
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 677