Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
1558 0 пікір 17 Қаңтар, 2023 сағат 13:13

Бас прокуратурада ауыс-түйістер болды

ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы лауазымына Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков тағайындалды. Ал Стратегиялық дамыту департаментінің бастығы болып Әлжан Әбдірахманұлы Нұрбеков тағайындалды.

Нұрдәулет Сүйіндіков бұған дейін Бас прокуратураның Стратегиялық дамыту департаментінің бастығы қызметін атқарған. Астана қаласының «Сарыарқа» ауданының прокуратурасын басқарған. 2018 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Әлжан Нұрбеков болса, бұған дейін Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшісі қызметін атқарды.

Астана қаласы прокуратурасының «Сарыарқа» ауданы прокуратурасы бөлімінің бастығы, Бас прокуратураның Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарма прокуроры, аға прокуроры және бастығы лауазымдарын атқарған.

 

Abai.kz

0 пікір