Жексенбі, 6 Қазан 2024
1392 4 пікір 16 Ақпан, 2023 сағат 12:55

ҰҚК Челах туралы: "Не айтқысы келгенін білмеймін"

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов істі болған Владислав Челахтың Президентке жазған хаты туралы тілшілер сұраққа жауап берді.

«Бұл оқиға болған жылы тиісті қылмыстық іс тергелген болатын. Атап айтқанда, тергеу амалдары толық жүргізілді. Егер басқа да мәлімдемелер болса, оның мән-жайын қарастыруға болады. Қазір ол не туралы айтқысы келгенін нақты білмеймін», - деді А. Алдажұманов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол бұл іс бойынша Шекара қызметінің ұстанымы тергеу органдарының дәлелдерімен сәйкес келетінін айтты.

Былтыр жыл соңында В. Челах өтініші Бас прокуратураға түсті.

Еске сала кетсек, 2012 жылы мамырдың 27-сінен 28-іне қараған түні Алматы облысының «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашы және бір қорықшы қаза тапты.

Abai.kz

4 пікір