Жексенбі, 6 Қазан 2024
1303 3 пікір 20 Ақпан, 2023 сағат 11:34

Мәдениет және спорт вице-министрі ауысты

Үкімет қаулысымен Сәрсен Абайұлы Құранбек Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Сәрсен Құранбек 1976 жылы Жетісу облысында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазақтың спорт және туризм академиясын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

1995 жылы «№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК жаттықтырушы-оқытушысы болып істеген.

2002-2004 жылдары – «№15 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы» МКҚК директоры;

2004-2007 жылдары – «№ 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК директоры;

2007-2009 жылдары – «Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бастығының орынбасары;

2009-2010 жылдары – «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары;

2010-2011 жылдары – «Қысқы Азия ойындары мен Олимпиада алауының эстафетасы жөніндегі қалалық дирекциясы» МКК директорының орынбасары;

2012-2014 жылдары – «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры.2014 жылы «ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» ММ төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2014-2018 жылдары – «ҚР Qazaq kuresi Федерациясы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ Бас хатшысы;

2018-2022 жылдары – «Қазақстан шөген федерациясы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ Бас хатшысы;

2022 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін «Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанында ЗТБ бас директоры қызметін атқарды.

 

Abai.kz

3 пікір