Сенбі, 23 Қараша 2024
1524 0 пікір 2 Наурыз, 2023 сағат 13:12

Шетелге мал сатуға 6 айға тыйым салынбақ

Қазақстан аумағынан ірі қара мен ұсақ малды (ұрғашы) әкетуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бірлескен бұйрығында жазылған.

«Қазақстан Республикасының аумағынан аналық ірі қара малды және аналық ұсақ малды әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған бірлескен бұйрықта.

Салынуы мүмкін экспорттық шектеуді іске асыру мен қадағалау Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрлігінің тиісті комитеттеріне жүктеледі.

Құжатты ашық талқылау 9 наурызға дейін жалғасады.

Қоса кетейік, бұған дейін ел аумағынан көлікпен көмір әкетуге жарты жылға тыйым салынуы ықтимал екенін хабарланған болатын

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369