Сенбі, 23 Қараша 2024
2126 0 пікір 6 Наурыз, 2023 сағат 12:58

Алматыда бірнеше сауда алаңы мен дәмхана бұзылады

Алматыда сот шешімімен Төле би мен Б. Момышұлы көшелерінің қиылысында мемлекеттік қордың жерінде орналасқан бірнеше сауда алаңдары мен жазғы кафелер бұзылады.

Әкімдік мәліметінше, аталған учаскені кәсіпкер жалға алу құқығында үш жыл мерзімге иеленген. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін кәсіпкер жер телімін мемлекеттік қорға қайтаруы керек еді, бірақ ол мұны өз еркімен жасаудан бас тартты. Сондықтан Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сотқа тиісті талап арызбен жүгінді.

«Нәтижесінде, 2021 жылғы 15 қыркүйекте мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған нысандарды сүріп, учаскені жалпы пайдалануға қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге апелляциялық сотта үшінші тарап наразылық білдірді. Осы талап арыз 2021 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қалалық сотының қарауынсыз қалдырылды және бірінші сатыдағы соттың шешімі ұзақ сот талқылауларынан кейін заңды күшіне енді»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Қазір Алматы қаласы Әділет департаменті сот орындаушыларының нысандарды бұзу күнін белгілеп жатыр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371