Сирия басшысы Тоқаевқа гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия Президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.
»Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды«, – деп жазылған жеделхатта.
Abai.kz