Сенбі, 23 Қараша 2024
1727 0 пікір 6 Наурыз, 2023 сағат 14:42

Қазақстан ЖЭО-ларында аудиторлық тексеріс жүргізіледі

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Президентке Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмыстары жөнінде есеп берілді.

2022 жылы барлығы 5 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы бойынша 124 нысанда 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген.

Сонымен қатар Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары аудит органының осы жылға жоспарлаған аудиторлық және сараптамалық-талдау шаралары туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, жылу энергетика кешенінде, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде және басқа да мекемелерде аудит жүргізу көзделіп отыр.

Президент Жоғары аудиторлық палатаны одан әрі трансформациялау және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364