Сенбі, 23 Қараша 2024
1126 1 пікір 13 Наурыз, 2023 сағат 14:16

Жыл басталғалы 3 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды

2023 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алған. Бұл ақпаратты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейінгі аралықта 3134 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған.

Қандастардың жартысынан астамы Өзбекстаннан келген. 16,3 пайызы Қытайдан, 15,9 пайызы Ресейден, 8,4 пайызы Түркіменстаннан, 4,5 пайызы Монғолиядан, 4,9 пайызы өзге де елдерден келген.

Қандастар, негізінен, Алматы облысына (27 пайыз), Маңғыстау (16,6 пайыз), Түркістан (7,1 пайыз), Жамбыл (3,6 пайыз) облыстарына және Астана (10,5 пайыз), Алматы (7,6 пайыз), Шымкент (6,5 пайыз) қалаларына қоныстанған.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, қандастардың 69,1 пайызы – еңбекке жарамды адамдар, 22,7 пайызы – еңбек жасына жетпегендер, 8,2 пайызы – зейнеткерлер.

Бұған дейін еңбек министрлігі 2022 жылы 18 мың қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алғанын хабарлаған.

Ресми статистикаға қарағанда, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллион 110,1 мың қазақ оралған.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452