Сенбі, 23 Қараша 2024
1398 0 пікір 14 Наурыз, 2023 сағат 13:46

Ұлттық қордың қаражаты 57 млрд долларға азайған

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың мәліметі бойынша, ақпан айында елдің халықаралық резерві 91,9 млрд доллар болған.

«Жалпы халықаралық резерв ақпан айының соңында 91,9 млрд долларды құрады. Ақпан айының қорытындысы бойынша, алтын-валюта резервтері алтын бағасының арзандауына байланысты 34,6 млрд долларға дейін ( - 2,2 млрд доллар) азайды», - деді ол.

Оның айтуынша, ақпан айында Ұлттық қордың активтері негізгі әлемдік индекстердің төмендеуіне байланысты 57,4 млрд долларға дейін немесе 0,5% азайған.

«Республикалық бюджетке 273 млрд теңгеге трансферт бөлу үшін ақпанда Ұлттық қордың валюталық активінен 590 млн доллар сатылды», - деді Ұлттық банк басшысы.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487