Рыбакина «Мастерс» турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.
Ширек финалда отандасымыз чехиялық Каролина Муховамен жүздесіп, 7:6 (7:4), 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Спортшы 18 наурызда болатын жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездеседі.
Айта кетейік, әлемдік жарыстың жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларын құрайды.
Abai.kz