Сенбі, 23 Қараша 2024
1739 5 пікір 20 Наурыз, 2023 сағат 15:30

Медведев «Гаагадағы сот ғимаратын зымыранмен атқылаймыз» деп қорқытты

Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев «Гаагадағы сот ғимаратына Солтүстік теңізден ресейлік «Оникс» гипер дыбыстық зымыранын тура тигізуге болады» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол өзінің телеграм-каналында «халықаралық құқық жүйесі түпкілікті күйреді» деп пікір білдіріп, «халықаралық жария құқық жүйесінің басты кемшілігі оның тиімсіздігі» екеніне назар аударды. Сондықтан Медведев: «Мемлекеттер БҰҰ Бас Ассамблеясының бейтарап актілерін, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің вето шешімдерін орындағысы келмейді, БҰҰ-ның әртүрлі институттарынан шығып кетіп жатыр» дейді.

«Ең ірі мемлекеттер қосылмаған Рим статутының негізінде құрылған мына бір босқа, пайдасыз Халықаралық қылмыстық сотты алайық. Ол кімді жауапқа тартты? Ешкім танымайтын отыз шақты адамды. Судан президенті бұл айыптауларға түкірді. Басқаша айтқанда, олардың тиімділігі нөлге тең. Бұлар арнайы құрылған Нюрнберг және Токио трибуналдары емес. Немесе тіпті Югославия үшін күмәнді трибунал. Түсінікті», - дейді ол.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің балалар құқығы жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы қамауға алуға ордер берген еді.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434