Жұма, 15 Мамыр 2026
2713 0 пікір 24 Наурыз, 2023 сағат 15:46

Махамбет Әбжанды қамау мерзімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

3 ақпанда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты журналистке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Махамбет Әбжанға төтенше қауіпсіздік мекемесінде тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот шешімімен келіспей, сотталушы мен оның қорғаушылары сот актісіне апелляциялық тәртіпте шағым түсірген болатын. Қорғаушы тарап Махамбет Әбжанды ақтауды сұрады.

"Сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болмағандықтан, үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді", - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2737
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1855