Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
2389 1 пікір 27 Наурыз, 2023 сағат 12:01

3000-нан астам қылмысқа күдікті бостандықта жүр

Кейінгі үш жылда елдегі қылмыстық қудалау органдары әртүрлі қылмыс жасады деген күдікпен 3000-нан астам адамды іздеуде, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, шет мемлекеттерде ұстау және оларды кейіннен Қазақстанға экстрадициялау, соның ішінде прокурорлардың үйлестіруімен 500 адам ұсталды.

Қазір 2500-ден астам адам ұстауға жатады. Негізінен ішкі істер органдарының желісі бойынша, алаяқтық жасағаны үшін 400, ұрлық үшін 250 адамға іздеу жарияланған.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген 400 күдіктінің 250-і іздеу жарияланғаннан кейін ұсталды.

Шет мемлекеттермен жолға қойылған ынтымақтастықтың арқасында қылмыс жасап, іздеу жарияланған 600 күдіктінің жүрген жері анықталды. Олардың көпшілігі Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркия Республикасында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғыз Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Украинада жасырынып жүр.

«Мысалы, ағымдағы жылы қоғамдық резонанс тудырған қылмыс жасады деген 6 күдікті ұсталды (4 - кісі өлтіру бойынша, 2-қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін).

Қалған тұлғалар бойынша басқа елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде»,-делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1092
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 764
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730