Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
2449 1 пікір 29 Наурыз, 2023 сағат 15:32

Тоқаев сот жүйесі туралы заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы заңға өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды.

Бұның алдында заңды өзгерту туралы бастама көтерген депутаттар заң жобасы судьяларға тәуелсіз болуға көмектеседі, соттың апелляциялық инстансияда істі толыққанды қарауға құзыретін кеңейтеді деп мәлімдеген. Апелляциялық инстанция қылмыстық және азаматтық істерді бірінші инстанцияға қайтармай, оларды өзі түзете алады. Заң жобасының авторлары мұндай құзырет сот қателігін азайтып, сот үкімдерінің сапасын арттырады деп есептейді.

Жоғарғы сот судьяларын парламент сенаты сайлайды. Мұндай қызметке үміткерлерді президент ұсынады. Аудандық сот төрағаларын сайлау элеметтері енгізіледі. Оларды өзін-өзі басқару сот органдары сайлайды.

Қазақстан билігі заңнамаларды жетілдіру бағытында атқарылып жатқан шараларды саяси реформа деп көрсетуге тырысып жатыр, бірақ билікті сынаушылар мұндай болмашы өзгерістердің әсері жоқ деп есептейді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 991
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2535
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 695
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668