Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
Соғыс 2732 10 пікір 28 Сәуір, 2023 сағат 13:19

НАТО: Қазір Ресейді жеңуге Украинаның күші жетеді

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаның Солтүстік Атлантикалық альянстағы одақтастары мен серіктестері Киевке уәде етілген әскери техниканың барлығын дерлік – 1550 БТР мен 230 танкті, сондай-ақ «үлкен көлемдегі оқ-дәрілерді» тапсырғанын айтты.

«Украинаға уәде етілген жауынгерлік көліктердің 98%-дан астамы қазірдің өзінде (Украина қолбасшылығына) берілді», – деді Столтенберг бейсенбі күні Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельмен бірлескен брифингте.

Бас хатшының айтуынша, Украина Қарулы Күштерінің қажеттіліктері үшін жіберілген техника мен жеткізілген снарядтарды ескере отырып, қазір Украина армиясының Ресей әскерлері басып алған ел аумақтарын азат ету үшін қажетті техникалық мүмкіндіктері бар.

Столтенберг Украина президенті Владимир Зеленский мен Қытай басшысы Си Цзиньпиннің бір күн бұрын телефон арқылы сөйлескенін де мәлімдеді.

Бас хатшының сөзінше, НАТО екі көшбасшының толық ауқымды соғыс басталғаннан бері бір жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет сөйлескеніне тоқталып, бірақ Қытай әлі күнге дейін орыс басқыншылығын ашық түрде айыптамағанын атап өтті.

Abai.kz

10 пікір