Жұма, 29 Наурыз 2024
2387 8 пікір 2 Маусым, 2023 сағат 15:03

Ринат Зайытов: «Адамдар нан таба алмай отырса, кілем тігіп бергелі отырмыз»

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарының көңілге қонымсыз тұстарын сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бағдарламада 90 мың тауарға талдау жүргізіліп, 37 тауар анықталды дейді. Кірістер деңгейін қамтамасыз ететін іс-шаралар және мемлекеттік қолдау шараларында бірнеше тауар түрі, өндіріс орындары көрсетілген. Бізде ең маңызды 37 тауардың құрамында кілем және кілем бұйымдарын өндіру, пластикалық терезе өндіру бар. Сіздер кілем өндіру мен пластикалық терезе өндіруді ашамыз дейсіздер. Бірақ бағасы жағынан Қытайдан, сапасы жағынан Еуропадан оза ала ма? Жоқ, тағы да ашылып, үлкен бастық лентасын қиып, тағы жабыла ма? Осы жағын ойластырыңыздар. Не бағдарлама бұл? Адамдар нан таба алмай отырса, кілем тігіп бергелі отырмыз. Бұл қалай сонда?», - деді мәжілісмен.

Ол бағдарлама мәтінін орыс тілінен аудару кезінде де біраз қате жіберілгенін атап өтті.

«Бағдарламаларыңызды жазған адамға дұғай сәлем. Қазақшасында «неудовлетворительный» дегенді қанағаттанарлықсыз деп қарастыруға болады. Бірақ «критический» деген сыни деген сөз емес. Мен қазақ тілі мен әдебиеті маманы ретінде айтамын. Сын көтермейтін дейді қазақша. «Экстренный» деген шұғыл емес, ол «срочный» деген сөз, бұл жерде күттірмейді деп аударылады. Келесі жолы осындайларға назар аударыңыздар», - деді депутат.

Сурет: ғаламтордан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563