Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
1826 0 пікір 29 Маусым, 2023 сағат 12:09

ЕО саммиті: Украина мәселесі талқыланбақ

Бүгін Брюссельде Еуропалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары мен мемлекет басшыларының саммиті өтеді.  

Еуроодаққа мүше 27 елдің көшбасшылары екі күндік саммитке жиналады.

Отырыс бүгін президенттер немесе Еуропа мемлекеттері премьер-министрлерінің жұмыс барысындағы түскі асымен басталады.

Саммит қатысушылары әдеттегідей Еуропа парламентінің президенті Роберто Метсоломен пікір алмасады.

Сонымен қатар саммиттің алғашқы күні ЕО көшбасшылары НАТО Бас хатшысы Ценс Столтенбергпен кездеседі.

Еуропалық кеңес баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ЕО басшылары Брюссельде Украинаға материалдық көмек көрсету, Еуропа экономикасы, қауіпсіздігі мен қорғанысы, миграцияны реттеу, Қытаймен және басқа да мемлекеттермен қарым-қатынасы мәселелерін талқылайды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 253
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 328
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 402
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 238