Сенбі, 23 Қараша 2024
4134 7 пікір 4 Қыркүйек, 2023 сағат 13:57

Қырғызстан жаппай орыс мектептерін ашып жатыр...

Ресей Қырғызстанның барлық облысында тоғыз орта мектеп салуды көздеп отыр. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев фейсбукте жазды.

Оның айтуынша, алғашқы үш қырғыз-орыс бірлескен мектебінің іргетасын қалау рәсімі 1 қыркүйекте өтеді. Мәліметтерге қарағанда, бұл шараға Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин видеокөпір форматымен қатысады.

Ербол Сұлтанбаевтың айтуынша, «құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталады». Алғашқы үш мектеп 2025 жылдың қыркүйегінде жұмыс істей бастаса, одан әрі қарай жылда үш мектептен ашылып отырады. «2029 жылға қарай 11 мың оқушыға арналған тоғыз жаңа мектеп жұмыс істейді» деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан мен Ресей бірлесіп мектеп салу жоспарын 2021 жылы құрған. Қазір Қырғызстанда Ресей салып берген бір мектеп жұмыс істеп тұр. Бішкек қаласының оңтүстік бөлігінде орналасқан білім мекемесінде 960 оқушы оқиды.

Бұған қоса, «Ресейлік мұғалімдер шетелде» жобасы аясында Ресей Қырғызстанға жылда мұғалім жіберіп отырады. Бұған дейін мәлім болғандай, Ресей биыл Қырғызстанға 2022 жылға қарағанда он есе көп ұстаз жіберуді көздеген.

Қырғызстан білім және ғылыми министрлігінің Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлауынша, Ресейден келген мұғалімдер орыс тілі, математика, химия және биология пәндерінен сабақ береді.

2022 жылғы мәлімет бойынша, Қырғызстанда 2 мың 296 мектеп бар.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364