Сенбі, 23 Қараша 2024
1216 0 пікір 18 Қыркүйек, 2023 сағат 14:08

Kaspi Bank бөлімшесін басып алған күдікті 7 жарым жылға сотталды

Kaspi Bank бөлімшесінің қызметкерлерін кепілге алып, ақша аударуды талап еткен астаналық Әлихан Мурадов 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Үкімді Астана қаласы қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты шығарды.

«Әлихан Мұрадовты Қылмыстық кодекстің 261-бап, 2-бөлім, 4 және 8, 9-тармақтары бойынша (4 және 8-тармақтар қаруды немесе заттарды қолдана отырып, екі және одан да көп адамды кепілге алу) кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді судья Әбинұр Қарабаев.
Сот шешімімен айыптыны қамауда ұстау уақыты яғни 2023 жылғы 18 маусымнан бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеген 1,5 күн үшін қамауда ұстаудың 1 күні есебінен жаза мерзіміне есептеледі. Жазаны өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен басталады.

Сондай-ақ, Әлихан Мурадов БАҚ өкілдерінің сот үкімімен келісесіз бе, аппеляциялық шағым түсіресіз бе деген сауалға «жоқ» деп жауап берді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай прокурор Kaspi Bank-тің бөлімшесіне шабуылдаған жігітке 8 жыл жаза сұрады.

Еске сала кетсек, биыл 18 маусымда қаруланған ер адам елордадағы Kaspi банк ғимаратында бірнеше кісіні тұтқында ұстап отырды.

Араға уақыт салып аталған банктің баспасөз қызметі ғимаратта клиенттердің жоқтығын және полиция қызметкерлерінің күдіктімен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Оқиға орнына Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов барды.

Полиция қызметкерлері кепілдегі азаматтарды босатып алды.

23 тамызда Kaspi Bank ғимаратына жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс сотқа жеткенін хабарлаған едік.

Айта кетсек, 29 тамызда өткен алғашқы сот отырысында Kaspi Bank ғимаратын басып алған жігіт оның алдында өзін өлтіру үшін дәрі ішкені белгілі болды.

Одан бөлек, Kaspi банк қызметкері ғимаратқа шабуылдау оқиғасын бастан-аяқ айтып берген еді.

Сондай-ақ, сот барысында Kaspi Bank-тің бөлімшесіне шабуыл жасаған күдікті Ішкі істер министрімен келіссөздің қалай жүргенін айтып берді.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475