Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
1225 3 пікір 19 Қыркүйек, 2023 сағат 14:31

Министр: «Аптасына 5 рет қазақша оқимын»

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазақ тілін меңгеру үшін аптасына неше рет курсқа баратынын айтты.

«Мен қазір өзім қазақ тілін меңгеріп жатырмын. Аптасына 5 рет сабақ алам, мұғалім келеді, сонымен қазақша сабақ оқимын. Ең алдымен, мен ешқандай бөтен, өзге адам емеспін. Мен Қазақстанға қайтып келген қандаспын», - деді министр БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында.

Сондай-ақ, ол министрлік лауазымға ешқандай командамен келмегенін атап өтті..

«Бәйтеректе» жұмыс істегенде қандай әріптестерім болды – олардың бәрі сонда қалды. Осы министрлікте де солай болады. Вице-министрлерімнің ішінде ешкімді ауыстырмаймын. Жұмыс білетін адамдармен бірге істеймін», - деді Қанат Шарлапаев.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1239
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2950
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3320