"Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу кезінде P2002 тектес UPLA286 ұшағы сағат 7:46-да әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпай қалды. Іздеу кезінде әуе кемесінің қирап, екі адам қаза болғаны анықталды" деп хабарлады комитет.
Көлік министрлігінің апаттарды зерттеу департаменті оқиғаға қатысты тергеу бастаған.
Дереккөзге сүйенген Orda.kz инструктор мен әскери курсанттың өлгенін хабарлады. Сайттың жазуынша, әскери курсант ұшуға рұқсатты шамамен екі апта бұрын алған. Ал инструктордың тәжірибелі ұшқыш екені айтылады.
Апатқа не себеп болғаны әзірге айтылған жоқ.
Abai.kz