Компания мәліметінше, қыркүйекте ресейлік дрондар украин өңірлерін 19 күн атқылаған. Ресей әр шабуылда орта есеппен 26 дроннан ұшырып отырса, қыркүйекте 44 дроннан келген. Украин жағы 396 дронды атып түсіре алған.
Defense Express Ресей «Шахед» дрондарын Ираннан қаншаға сатып алып жатқаны нақты белгісіз екенін, бірақ бір дрон 20- 40 мың доллар тұратынын жазды. Осылайша, Ресей дронның осы түрі үшін ғана 10- 20 млн доллар жұмсап отыр.
Украинаға мұндай шабуылдан сақтану дрон құнынан қымбатқа түседі. «Әрбір "Шахед-136" үшін бір NASAMS зымыраны пайдаланылса, қыркүйектегі шығын 654 млн доллар болады" деп болжайды Defense Express.
АҚШ пен ЕО иран дрондары өндірісіне қарсы санкция салған. 2023 жылғы ақпанда The Wall Street Journal Ресей Иранмен бірге дрон шығаратын зауыт салып жатқанын хабарлады.