Сенбі, 23 Қараша 2024
1523 0 пікір 3 Қазан, 2023 сағат 13:39

Қадыров қызын вице-премьер қызметіне тағайындады

Мұндай ұсынысты Шешенстан парламенті төрағасы Муслим Хучиев жалпы отырыс кезінде көтерді. Рамзан Қадыров бұл шешімді мақұлдаған.

Айшат Қадырова 21 жасынан бері елдің мәдениет министрі қызметін атқарып келген. Оның "Отан алдындағы ерен еңбегі үшін", "Адам құқығын қорғап келгені үшін", "Шешенстанға сіңірген еңбегі үшін" деген орден-медальдары бар.

"Айшат Қадырова елдің мәдениет саласын көтеруге сөзсіз еңбек сіңірді", - деп жазды Рамзан Қадыров телеграм-каналында.

Рамзан Қадыровтың туыстарының басым бөлігі лауазымды қызметтер атқарады. 2018 жылы BBC-дің орыс қызметі Шешенстандағы 158 шенеуніктің 30% оның туыстары екенін жазған.

Айшат Қадырованың күйеуі Висхан Мацуев биыл жазда ел үкіметінің вице-премьері және ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364