Сенбі, 23 Қараша 2024
1524 2 пікір 6 Қазан, 2023 сағат 14:22

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру мүмкіндігі кімдерге беріледі?

Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілі Ғани Артықов әскерге шақыруды кейінге қалдыру мүмкіндігі кімге берілетінін түсіндірді.

«Қолданыстағы заңнамаға байланысты бірінші кезекте – жоғары оқу орындарында, арнайы орта оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын азаматтарға әскерден босату құқығы беріліп отыр. Келесі кезекте – отбасы жағдайлары бойынша әскерден босату құқығы бар, оның барлық мән-жайы мен талаптары заңнамада көрсетілген», - деді Ғани Артықов Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тағы айта кетерлігі, авиация саласында жұмыс істейтін азаматтар – ұшқыштар, бортинженер мен борттехниктер әскерге шақыруды кейінге қалдыра алады. Ол үшін бұл азаматтар нақты осы салада жұмыс істеуі керек.

«Дәл осындай кейінге қалдыру мұғалімдер мен ауылдық жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге де беріледі. Оған қоса, арнайы діни білімі бар азаматтар діни мекемелерде штатты түрде жұмыс істеп жатса, олар да өз анықтамаларын ұсыну арқылы әскерге шақыруды кейінгі қалдыра алады», - деді спикер.

Сондай-ақ, әскерге шақырылатын 27 жасқа дейінгі азаматтар атқарушы органдарда, депутаттық лауазымда болса, олар да кейінге қалдыру мүмкіндігін қолдана алады.

Айта кетейік, Қазақстанда азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. 2023 жылғы 28 желтоқсанға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы 19 мыңнан астам ер азамат толықтырады. Соның ішінде мыңнан астамы Астана қаласынан шақырылады.

Қазақстанда 5 мыңнан асам әскери қызметшілердің 1,4 млрд теңге кредиттік төлемі кейінге қалдырылды. Әскерде қызмет өткерген 180-нен астам қазақстандық ақысыз негізде, 400-ден астамы ақылы негізде жоғары оқу орындарына түскен.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369