Ресми ақпаратқа қарағанда, 3-8 қазан күндері Баткен қаласында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша жұмыс тобы кеңесіп, 43,32 шақырым жер бойынша келісімге келген. Енді кезекті кеңес Тәжікстан аумағында өтеді.
Қырғыз-тәжік шекарасының жалпы қашықтығы 972 шақырым. Шекараны белгілеу 2002 жылы басталған. 664 шақырым бойынша ортақ пікір бар екенін былтыр екі елдің президенттері растаған.
Шешілмеген даулы аймақтар шекара маңында тұратын тұрғындар арасындағы жиі болып тұратын жанжалға себеп болып келеді.