Сенбі, 23 Қараша 2024
1744 0 пікір 9 Қазан, 2023 сағат 14:41

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.

Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатыр, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады.

Жүк жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтіледі.

Сонымен қатар Ауғанстанға үйінді астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

Қазақстан биылғы 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауғанстандағы алапат жер сілкінісінен 2053 адам қаза тапқаны хабарланды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404