Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1524 0 пікір 12 Қазан, 2023 сағат 17:48

Энтони Блинкен Израильге барды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильге ұшып келді. Оны Израиль Сыртқы істер министрлігінің басшысы Эли Коэн әуежайдан күтіп алды. Бұл туралы ВВС  хабарлаған.

Қысқа мерзімді сапары кезінде Блинкен Израильдің ресми тұлғаларымен және Батыс қолдап отырған Палестина әкімшілігінің төрағасы Махмуд Аббаспен кездеседі.

М.Аббас Газа секторында ХАМАС-пен бәсекелес – Палестинаны азат ету ұлттық қозғалысы партиясын (ФАТХ) басқарады.

Reuters агенттігінің жазуынша, Блинкен сапары кезінде ХАМАС тұтқынға алған азаматтарды босату (олардың қатарында АҚШ азаматтары да бар), сондай-ақ Газаның бейбіт тұрғындары үшін қауіпсіз дәліз ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.

 

Abai.kz

0 пікір