Сенбі, 23 Қараша 2024
1287 0 пікір 17 Қазан, 2023 сағат 14:57

Газа секторынан 1 млн адам босып кетті

Израильдің атқылауынан кейін Газа секторында тұратын 1 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы БҰҰ-ның палестиналық қашқындарға жәрдем көрсету агенттігі (UNRWA) мәлімдеді.

400 мыңнан астам адам мектептерде және UNRWA агенттігінің ғимаратын паналап жатыр.

Израиль Газадағы содырлардың көзін жою үшін, тұрғындарын оңтүстік тарапқа, Египетке өтіп кетуге уақыт берген.

Газаның денсаулық сақтау министрлігі 16 қазанда хабарлағандай, Израиль әскерінің бомбалауынан кейін кем дегенде 2808 палестиналық қаза тапқан, 10 мың 859-ы жарақат алған. Қаза тапқандардың 64% әйелдер мен балалар.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ХАМАС-ты кепілге алынғандарды босатуға шақырды. Ал израильдіктерді Газаға гуманитарлық көмекті тоқтаусыз өткізуді қамтамасыз етуге шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475