Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1254 1 пікір 18 Қазан, 2023 сағат 11:34

3500 доллар жиналады: «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасы қабылданды

Парламент «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын қабылдады. Енді 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 18 жасқа дейінгі барлық қазақстандықтар үшін жинақ шот ашылады.

Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы жыл сайын осы шоттарға аударылады. Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады.

Егер азамат осы уақыт ішінде оларды пайдаланбаса, қаражат оның зейнетақы шотына аударылады. Ол жиналған ақшаға білім алуға, баспана сатып алуға құқылы. Қаржы министрлігінің есебі бойынша, 18 жылда баланың шотына 3500 доллар жиналады. Бір жылда шотқа орташа сомада 150-160 долларды түседі.

Abai.kz

1 пікір