Бұл шешім 12-18 қазан күндері Тәжікстанның Бустон қаласында екі елдің шекараны бекіту комиссиясының жұмысы кезінде қабылданған.
Бұл кездесуде тараптар шекараның жалпы 43,32 шақырымы мақұлданғанын жеткізген.
Екі ел арасындағы шекараның жалпы қашықтығы 970-980 шақырымды құрайды. Шекараны бекіту жұмысы 2002 жылы басталып, 2020 жылға дейін 519 шақырымы бойынша толық келісімге келген. Былтыр екі ел президенті 664 шақырым бойынша ортақ пікір бар екенін мәлімдеген.
Қалған даулы жер шекара маңында тұратын екі ел тұрғындары арасындағы жиі шығатын жанжалға себепші болып тұр.
Фото: ғаламтордан
Abai.kz