Адам ағзаларын сатумен айналысатын топ ұсталды
Қазақстанда адам ағзаларын сатумен айналысқан 22 адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Полицияның хабарынша, ұйымдасқан топтың құрамында медицина қызметкерлері, донорлар, реципиенттер, тіпті нотариусқа дейін болған.
«Трансплантациялау операциялары жалған құжаттар жасалған. Әрқайсының құны 6-10 миллион теңге болатын 8 операция туралы ақпарат бар. Тінту кезінде күдіктілерден заттай айғақтар, ақша, құжаттар тәркіленді», - делінген хабарламада.
Заң бойынша адам ағзаларын трансплантациялау үшін сатып алуға және сатуға қатаң тыйым салынған. Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, әрқайсының мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Abai.kz