Сенбі, 23 Қараша 2024
1493 6 пікір 20 Қазан, 2023 сағат 15:16

Қазақстандықтардың несиесі енді кешірілмейді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова қазақстандықтардың бұрынғыдай несиесі кешірілмейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Өкінішке қарай, 2019 жылы кредит кешірілгеннен кейін біздің қаржы секторында кредит көлемі қайтадан өсіп кетті. Оның ішінде проблемалық кредиттер де өсіп кетті. Егер мемлекет қаражатын бөліп, қайта-қайта кешіре берсек, одан да көп жаңа кредиттер көбейеді, - дейді Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында.

Агенттік төрағасы осы себепті коллекторлық агенттіктерге жауапкершілікті күшейту көзделіп отырғанын айтады.

– Ол қалай болады? Олар енді заң бойынша проблемалық берешекті реттеудің міндетті рәсімін жасау керек. Егер қарыз алушы банкке жүгінсе, ол осындай рәсімді өткізуі тиіс. Осы рәсімді жүйелі түрде қолдану үшін биылдан бастап мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық банктер мен микроқаржы ұйымдары, коллекторлық ұйымдар жеке жобаларын әзірледі. Проблемалық кредиттермен жұмыс істеудің жеке жоспарларын дайындады. Ол жеке жоспарлар ішінде қазір 1 млн 449 мың адамды қамту жоспарланған. Бұл жоспарлар жаңартылады. Оның ішінде банктердің кредиттерді қайта құрылымдауы, екіншіден қарызды ішінара немесе толық есептен шығару шаралары бар. Мысалы, төлеуге қабілеті жоқ болса немесе қарыздың сомасы қатты үлкен болмаса, бірнеше жыл проблемалық кредиті болса, онда банктер өз есебінен ішінара немесе толығымен өз есебінен жауып тастайды, – дейді Мадина Әбілқасымова.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387