Сенбі, 23 Қараша 2024
2196 2 пікір 20 Қазан, 2023 сағат 16:17

ТМД елдері ортақ құжатқа қол қойды

Астанада ТМД елдері ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты арттыра түсетін құжат қабылдады.

«Біз Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстанның, Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлері мен делегацияларының басшылары 2023 жылғы 20 қазанда Астанада Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің министрлік конференциясына қатыстық», – делінген құжатта.

Сонымен қатар конференцияға қатысушылар Қазақстанның ТМД агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі үкіметаралық кеңес жанынан азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне арналған жедел штаб құру туралы ұсынысын құптады.

Одан бөлек, ТМД елдерінен келген қонақтар «KazAgro/KazFarm-2023» көрмесіне қойылған озық ауыл шаруашылығы техникаларымен, жетекші әлемдік ауыл шаруашылығы концерндерінің жабдықтарымен, инновациялық технологиялармен және ауыл шаруашылығы секторын дамытуға арналған бағдарламалармен танысты.

Бұған дейін министр Қазақстан ТМД-да азық-түлік жеткізудің өңірлік хабы болуға дайын екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, бүгін Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі министрлер конференциясы өтті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387